русский язык
Әлем футболы

Палестиналықтарды еске алу шарасынан кейін Израиль футбол клубы матчқа шықпай қойды

Палестиналықтарды еске алу шарасынан кейін Израиль футбол клубы матчқа шықпай қойды

Израильдік «Антальяспор» клубының футболшылары қаза болған палестиналықтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланғаннан кейін «Газиантеппен» ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқасілтеме жасап.

Израиль футболшылары Түркиядағы чемпионатта матчқа шықпай қойды. Шабуылшы Сагив Ехезкель мен жартылай қорғаушы Рамзи Сафури «Антальяспордың» «Газиантепке» (0:1) қарсы ойынына шығудан бас тартты.

Оған себеп – Израильмен шиеленіс салдарынан көз жұмған Палестина тұрғындарын еске алу үшін бір минут үнсіздіктің жариялануы.

Осыған орай израильдік футболшылар бірлескен мәлімдеме де жасаған.

«Сондай-ақ бізге ертеңгі ойын барысында Израиль мемлекетін айыптауға бағытталған шара өтетіні туралы ақпарат жетті. Ел құрамасының футболшысы рөлін асқақ тұтатын адамдар ретінде оған қатысуға, тіпті стадионда болуға ниетіміз жоқ. Біз клуб басшылығына өз ойымызды жеткіздік және олар қолдау білдіріп отыр.

Мұнда бізді жылы қабылдап жатыр және алдағы жақсы күндері жаңа көпір тұрғызатын жандар қатарынан табылатын боламыз», – делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, 7 қазанда Палестинадағы ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасап, елдер соғыс жағдайына көшті.

Қақтығыс ушыға бастағаннан бері 4100 палестиналық және 1400 израильдік көз жұмды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;