русский язык
Басқа

Қазақстандықтар Қытайдағы Азия пара ойындарының салтанатты ашылуына қатысты

Қазақстандықтар Қытайдағы Азия пара ойындарының салтанатты ашылуына қатысты

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «Үлкен Лотос» олимпиада стадионында IV Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Кazinform.

Туризм және спорт министрлігінен мәлім еткендей, ойындардың ашылу рәсімінде елімі Туын параволейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және параүстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ойындарға қатысушыларды құттықтап, спортшыларымызды қолдауға шақырды.

параспортшыларФото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

«Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі – үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр», – деді министр.

Айта кетейік, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысып, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Байрақты бәсекеде 131 қазақстандық спорттың 14 түрінен өнер көрсетеді.

Еске салайық, Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өткен болатын. Онда 30 спорт түрінен 524 қазақстандық бақ сынап, нәтижесінде 80 медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте ҚР құрамасы 11-орынға тұрақтады.

Енді Азия ойындары 2026 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;