Қазақстандық танымал блогер ММА-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
![Қазақстандық танымал блогер ММА-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202310/472_ed4ef19cbcbfa685f9dc38117a0ab148.jpg?v=28668113)
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 51 тунирі аясында кештің кезекті жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Аса жеңіл салмақта әзербайжандық Намик Агабалаев (2-1) танымал қазақстандық блогер Әділет «Упучук» Айтжановпен (1-0) кездесті.
Бұл кездесуде Әділеттің мерзімінен бұрын жеңетін мүмкіндігі болған, бірақ қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, «Упучук» бұл жекпе-жекке Ақтөбенің танымал «Еркін Күш» клубында UFC файтері Сергей Морозовпен бірге дайындалған болатын.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта ұйымның қазіргі чемпионы Мухаммаджон Курбанов (10-4) тәжікстандық Фарход Давлятовпен (7-2) кездеседі. Болашақ қарсыластар әртүрлі баспасөз мәслихаттарында бір-бірімен бірнеше рет бетпе-бет сөйлескен, бірақ олар алғаш рет сегізбұрышта кездесіп, кім мықтыны анықтайды.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 51 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink