русский язык
Әлем футболы

Бундеслиганың ең қымбат ойыншылары белгілі болды

Бундеслиганың ең қымбат ойыншылары белгілі болды

Аралық жаңарту қорытындысы бойынша Бундеслиганың ең қымбат ойыншыларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орында «Бавария» мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала мен «Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн - әрқайсысы 110 миллион еуродан тұрады.

Сондай-ақ алғашқы ондықта: «Байер» мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Флориан Виртц – 85 миллион еуро; «Бавария» мен Германия құрамасының шабуылшысы Лерой Сане – 75 миллион еуро; «Бавария» мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих – 75 миллион еуро; «РБ Лейпциг пен Голландия құрамасының жартылай қорғаушысы Хави Симонс – 70 миллион еуро; «Бавария» мен Канаданың қорғаушысы Альфонсо Дэвис – 70 миллион еуро; «Бавария» және Нидерланд қорғаушысы Маттейс де Лигт – 70 миллион еуро; «Бавария» мен Франция құрамасының шабуылшысы Кинглси Коман – 65 миллион еуро; «Бавария» мен Франция құрамасының қорғаушысы Дайотчанкуль Упамекано – 60 миллион еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;