русский язык
Әлем футболы

Роналдудың ұлы да «Әл-Насрда» ойнайтын болды

Роналдудың ұлы да «Әл-Насрда» ойнайтын болды

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасы Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Ar-Riyadiyah.

13 жастағы кіші Криштиану "Әл-Насрдың" 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер командасында ойнайды. Әкесі секілді 7-ші нөмірмен ойнауды таңдаған. Алғашқы ойынын 13 жасқа дейінгі құрамда бүгін өткізеді деп күтілуде.

Роналдудың ұлы бұған дейін Испанияда "Посуэло" командасында ойнаған. Екі жылда 55 гол соққан. Одан кейін әкесімен бірге Туриннің "Ювентус" жасөспірімдері құрамында болды. Онда 28 ойынға қатысып, 58 гол, 18 нәтижелі пас берген. Одан кейін "Манчестер Юнайтед" академиясында болған.

Португалдық футболшының өзі "Әл-Наср" командасына 2023 жылдың қысында ауысып келді. Осы маусымда 11 ойынға қатысып, 11 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.

Түпнұсқасы: Massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;