русский язык
Әлем футболы

«Рома» ойыншысы өзін бәс тікті деп жазған журналистті сотқа бермек

«Рома» ойыншысы өзін бәс тікті деп жазған журналистті сотқа бермек

«Рома» ойыншысы Никола Залевски өзін матчтарға бәс тікті деп күдіктенген журналист Фабрицио Коронаны сотқа береді. Бұл туралы ANSA хабарлады.

Жақында Фабрицио Корона футбол матчтарына бәс тігу ісі бойынша Залевский, Николо Фаджоли («Ювентус»), Сандро Тонали («Ньюкасл») мен Николо Дзаньоло («Астон Вилла») күдікке ілінгені туралы ақпарат таратқан.

17 қараша күні Италия футбол федерациясы (FIGC) Николо Фаджолиді жеті айға спорттан шеттетті.

«Біздің клиент бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ол атына кір келтіргендерге қарсы жұмыс істеуге рұқсатын берді», — деді футболшының адвокаты Паоло Роделли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;