русский язык
Әлем футболы

АПЛ матчтарында Израиль мен Палестинаның туын алып шығуға тыйым салды

АПЛ матчтарында Израиль мен Палестинаның туын алып шығуға тыйым салды

Ағылшын премьер-лигасы мен Ағылшын футбол лигасы ел чемпионатының алдағы матчтарында Израиль мен Палестинаның туын алып шығуға тыйым салды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

АПЛ басшылығы клубтар мен қауіпсіздік қызметімен ақылдаса келе, саяси жанжал туындамас үшін екі елдің туын көрсетуге тыйым салды.

Ойыншылар мен қызметкерлер қара байламша тағып, әрбір матчта соғыстан қаза тапқандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;