«Бар күшімізді саламыз». Лев Скворцов – Қазақстанның Еуродағы амбициясы туралы
![«Бар күшімізді саламыз». Лев Скворцов – Қазақстанның Еуродағы амбициясы туралы](https://prosports.kz/upload/news/content//202310/472_151bd09b176179a02c0a6a6f8647852a.jpg?v=28702234)
«Химки» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лев Скворцов Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Финляндияға қарсы матч туралы пікір білдірді.
– Лев, жеңіс құтты болсын! Ойын туралы бірнеше сөз айта аласыз ба?
– Ойын өте қиын болды, себебі Финляндия – мықты ойыншылары бар команда. Бірақ ең бастысы жеңіске жетіп, алға жылжи алдық. Екі қорытынды ойын қалды, бәрі бізге байланысты болады. Құдай қаласа, бәрі ойдағыдай болып, елді, жанкүйерлерімізді жеңістермен қуантамыз.
– Екі тур қалды, оның бірін финал деп атауға болады – Словениямен кездесу. Жалпы, алдағы ойындардан не күтесіз?
– Иә, бұл біз үшін карьерамыздағы ең маңызды екі ойын болуы мүмкін және біз оң нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз.
Фото: ҚФФ