русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ресейлік Александр Шевченкомен жұптасып, Антверпенде (Бельгия) өтіп жатқан ATP-250 турнирінің ширек финалдық кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда Бублик пен Шевченконың қарсыластары польшалық Уго Нис пен ұлыбританиялық Ллойд Гласспул болды. Кездесуде Бублик/Шевченко жұбы қарсыластарына 6:3, 6:3 есебімен жол берді.

Матч 50 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;