русский язык
Ұлттық спорт

Ат спорты: Астанада конкурдан ел чемпионаты өтеді

Астанада Республика күнін тойлау аясында конкурдан ел чемпионаты өтеді. Kazinform бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстар 21-22 қазан аралығында “Арғымақ” ат-спорттық сауықтыру кешенінде болады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар екі күн бойы түрлі биіктіктегі 8 бағытта шеберлігін көрсетеді. Жеке бағыттарда Қырғызстан спортшылары да бақ сынайды.

Жарыстың жүлде қоры – 26 миллион теңге. Басталуы–10.00-де, кіру тегін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;