русский язык
Әлем футболы

Азар мансабын неге ерте аяқтағанын түсіндірді

Азар мансабын неге ерте аяқтағанын түсіндірді

«Реал Мадридтің» бұрынғы ойыншысы Эден Азар мансабын неге аяқтағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Футболмен қоштасу туралы шешім қабылдау қиын болды ма?

— Қиын болды деп айтпаймын, бірақ оңай болған жоқ. Бұл туралы ұзақ ойландым. Менде футболдан басқа көп нәрсе бар, сондықтан байыпты таңдау жасай алдым.

- Мұндай шешімді қашан қабылдадыңыз?

— Бұл туралы ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтаған кезде ойладым. «Реалда» қиын кезеңді бастан өткердім. Ойыннан ләззат алуды тоқтатқан кезде футболдан кететінімді айтатынмын. Ақша үшін бір жерге барғым келмеді. Бұл ең жақсы шешім болды», - деп келтіреді Азардың сөзін L'avenir.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;