Дмитрий Сергеев: Алматыда осындай футбол мерекесі өткеніне қуаныштымын
![Дмитрий Сергеев: Алматыда осындай футбол мерекесі өткеніне қуаныштымын](https://prosports.kz/upload/news/content//202310/201131_18556300caa02c4760c93b702378814e.jpg?t=1697312402?v=28666245)
«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы матчтан кейінгі баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сұрағына жауап берді.
– Бұл ойынға деген дайындық қалай болды? Осы ойында өзіңізге қандай баға берер едіңіз?
– Рақмет. Ойынымды бапкерлер, жанкүйерлер бағалар. Ал менің пікірім өзімде қалады. Матчқа келетін болсақ, әрине, мен үшін принципиалды ойын болды. Мен «Зенит» академиясының түлегімін. 6 жасымнан бастап клуб құрылымындамын. Мен үшін маңызды кездесу болғаны анық. Расында, Алматыда осындай футбол мерекесі өткеніне қуаныштымын.
– «Зениттің» бапкерлер құрамымен ойының немесе санкт-петербургтік клубқа қайта оралуың туралы сөйлестің бе?
– Жоқ, біз жай амандасып, қал-жағдайымызды сұрадық. Қайту туралы әңгіме болған жоқ. Барлығы ойынға дайындалып жатты.