русский язык
Хоккей

«Сочи» «Барыстың» бұрынғы шабуылшысымен келісімшарт жасасты

«Сочи» «Барыстың» бұрынғы шабуылшысымен келісімшарт жасасты

«Сочи» шабуылшы Джереми Браккомен келісімшарт жасасқанын хабарлады. Біржақты келісімшарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қазанда «Барыс» 26 жастағы хоккейшімен тараптардың келісімі бойынша келісімшартты бұзатынын ресми түрде хабарлаған болатын. Осы маусымда Джереми Бракко 6 матч өткізді.

Америкалық шабуылшы 2023 жылдың 18 қыркүйегінде «Нефтехимикке» қарсы матч өткізгеннен кейін өнер көрсетпеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;