русский язык
ММА

Шавкат Рахмонов UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жек туралы пікір білдірді

Шавкат Рахмонов UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жек туралы пікір білдірді

Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің алтыншы нөмірі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Игорь Лазоринге берген сұхбатында лигадағы титулды жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Келесі жылы Саят (Әбдірахманов) екеуіңіз титул үшін жекпе-жек өткізуді мақсат етіп қойған шығарсыздар?

— Әрине, келесі жылы, иншАлла, жекпе-жек өткізгіміз келеді. Егер бұл қолдан келсе, жақсы болар еді. Күтеміз. Тек жекпе-жектерде жеңіске жету керек (күледі).

Шавкат Рахмонов 16 желтоқсанда Лас-Вегаста тәжірибелі америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;