«Келісімшарт жасастық». Жұмағұлов - Naiza FC лигасындағы жекпе-жек туралы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUFC-дің бұрынғы файтері Жалғас Жұмағұлов қазақстандық Naiza FC лигасындағы келесі жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
«Менің қарсыласым – бразилиялық. Шынымды айтсам, аты-жөнін ұмытып қалдым... Бірақ жақын арада хабарланады, келісімшарт жасастық. Шарттары бұрынғыдай. Бәрі мен сұрағандай қалды», - деді файтер Legalbet.kz сайтына.
2 желтоқсанда Жұмағұлов Астанада Naiza FC лигасында жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған.
2023 жылдың шілдесінде Жұмағұлов UFC-ден шығарылған болатын.