русский язык
Басқа

Испаниялық мәнерлеп сырғанаушы допинг қолданғаны үшін спорттан бір жылға шеттетілді

Испаниялық мәнерлеп сырғанаушы допинг қолданғаны үшін спорттан бір жылға шеттетілді

Испаниялық мәнерлеп сырғанаушы Лаура Баркеро допингке қарсы ережені бұзғаны үшін бір жылға шеттету алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Баркеро 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада Марко Цандронмен өнер көрсетті, дуэт 11-орын иеленген.

Бұл нәтиже жарамсыз деп танылды, себебі Баркеро 18 ақпанда тапсырған қанынан тыйым салынған клостебол препараты табылған.

CAS Баркероны бір жылға шеттету туралы шешім қабылдады. Спортшы 2022 жылдың 22 ақпанынан бастап шеттетілгендіктен, карьерасын жалғастыра алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;