Футболдан Еуропа чемпионаты іріктеу сатысының кезекті туры басталады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы кезекті тур ойындары басталады, деп хабарлайды Kazinform.
12 қазанда А, D, E, I топтарында ойындар өткізіледі.
Қызық кездесудің бірі А тобындағы Испания мен Шотландия құрамалары арасында болады деп күтіліп отыр.
Екі құрама А тобында көш басында тұр. Әзірге 15 ұпаймен Шотландия бірінші орында тұрса, Испания 9 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.
Аталған ойын 12 қазаннан 13-не қараған түні сағат 00.35-те «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ, бұл топта Кипр мен Норвегия кездесуі болады.
Ал D тобында Хорватия мен Түркия ( «Qazsport». 00:35), Латвия мен Армения, E тобында Фарер аралдары мен Польша, Албания мен Чехия шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, I тобында Андорра мен Косово, Беларусь пен Румыния, Израиль мен Швейцария ойнайды.