Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегін өткізу үшін Техасқа келді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызWBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан күні Розенбергте (АҚШ) IBF чемпионы Винченцо Гуальтьеримен жұдырықтасады, деп жазады Prosports.kz.
Жәнібек Әлімханұлы WBO титулын екінші рет қорғағалы отыр, ал Винченцо Гуальтиери белбеуін алғаш рет қорғайды, ол бұл атаққа биыл шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоды жеңіп, қол жеткізген. Екі боксшы да белбеу біріктіретін жекпе-жекке алғаш рет шыққалы отыр.
Әлімханұлы — Гуальтьери жекпе-жегін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Кездесу Астана уақытымен 15 қазан, жексенбі күні таңертең 07:00-де басталады.