Футзал

«Жанкүйерлердің арқасында жеңіске жеттік». Дәурен Тұрсағұлов – Әзербайжанға қарсы матч туралы

«Жанкүйерлердің арқасында жеңіске жеттік». Дәурен Тұрсағұлов – Әзербайжанға қарсы матч туралы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов Prosports.kz тілшісі Бекарыс Әлімханға берген эксклюзивті сұхбатында Әзербайжанмен өткен ойын туралы айтып берді.

– Дәурен, жеңіс құтты болсын! Ойын жайлы не айтасыз?

– Ойынды сәтсіз бастадық, бірақ екінші таймда өзімізге келіп, жеңіске жеттік. Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді – олар бізге күш берді. Бірінші таймда сәтсіз болды, ал жанкүйерлер бізге жігер берді. Алла мен жанкүйерлердің арқасында жеңіске жеттік. Топтағы басты қарсыластың бірін жеңгенімізге өте қуаныштымыз.

– Қазір Қазақстан өз тобында көш бастап тұр.

– Алда екі ойын бар: Нидерландымен өз алаңымызда және Румыниямен сырт алаңда ойнаймыз. Топтан шығуға кепілдік беру үшін тағы үш ұпай еншілеу қажет.

– Сізге қай қалада өнер көрсеткен ыңғайлы, Астанада ма, Алматыда ма?

– Барлық жер бірдей. Ешкімді ренжіткім келмейді, өйткені олардың барлығы біздің жанкүйерлеріміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер