русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін қайдан көруге болады

Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін қайдан көруге болады
news-banner7
mobile-news-top

WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан күні Розенбергте (АҚШ) IBF чемпионы Винченцо Гуальтиеримен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы WBO титулын екінші рет қорғаса, Винченцо Гуальтиери үшін бұл шілде айында бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңгеннен кейін жеңіп алған титулды бірінші рет қорғауы болмақ. Екеуі де титул біріктіретін шайқасқа бірінші рет қатысқалы отыр.

Әлімханұлы - Гуальтиери жекпе-жегінің трансляциясын Qazsport телеарнасы ұйымдастырады. Бұл жекпе-жек 15 қазан, жексенбі күні таңертең өтеді және Астана уақыты бойынша 07:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;