русский язык
Басқа

Тоқаев Азиадада кеткен олқылықтар туралы айтты

Тоқаев Азиадада кеткен олқылықтар туралы айтты
2023 жылғы 11 қазанда мемлекет басшысы Қытайда өткен Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жиында 2023 жылғы XIX жазғы Азия ойындарының стенд атудан екі дүркін жеңімпазы және қола жүлдегері Әсем Орынбай, каноэ және байдарка есуден XIX жазғы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері Сергей Емельянов, еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, каратэден XIX жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Нұрқанат Әжіқанов, нысана көздеу спортынан ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун сөз сөйледі.

«Мемлекет басшысы сөзінің соңында өткен жарыстардағы олқылықтардан нақты сабақ алып, алдағы Париж Олимпиадасына тыңғылықты дайындалуға шақырды. Президент спортшыларға және бапкерлер корпусының жұмысына табыс тіледі», – делінген ресми хабарламада.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар спортшыға Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамоталарын табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;