русский язык
Басқа

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Азия чемпионатында бес медаль иеленді

Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Азия чемпионатында бес медаль иеленді

Алматыда семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Азия чемпионатына 17 елден 200-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан екі күміс және үш қола жүлде жеңіп алды.

Семсерлесуден ерлер мен әйелдер командалары жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Ерлер арасында Александр Савин, Кирилл Павлов, Александр Федотов және Никита Жулинский өнер көрсетті. Әйелдер арасында София Николайчук, Владислава Андреева, Александра Тамбовцева және Каролина Фомина сынға түсті.

Александр Федотов семсерлесуден жекелей жарыста қола жүлдегер атанды.

Қылыштасудан ерлер мен әйелдер командалары үшінші орын алды. Жүлде иегерлері Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Адема Серікбай, Нұрмұхамед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Артур Чупраков және Қуаныш Ерғашбай болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;