«Қайрат» АФК ойыншысы мансабын Ресей чемпионатында жалғастырады
![«Қайрат» АФК ойыншысы мансабын Ресей чемпионатында жалғастырады](https://prosports.kz/upload/news/content//202310/201131_b9c21800571fb09a0f9acb6b2b637467.jpg?t=1696864753?v=28701871)
«Қайрат» АФК ойыншысы Александр Дерябин Ресейдің МФК «Тюмень-Д командасына жалға берілді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қайрат» академиясының түлегі саналатын Александр Дерябин 6 жасында (2010ж) «Қайрат» академиясына қабылданып, 2021 жылдан бері клубтың негізгі құрамында ойнап келді.
Осы уақыт аралығында ол «Қайрат» жейдесімен 20-дан аса кездесуде алаңға шығып, 3 гол және 6 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Алматылық клубпен бірге ол 2021/22 және 2022/23 маусымында Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Ал Қазақстан жастар ( U19 ) құрамасы сапында 3 кездесу өткізіп, 2 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түсті.