русский язык
ММА

«UFC-ге қайта оралуға тырысамын». Жалғас Жұмағұлов – алдағы жоспары туралы

«UFC-ге қайта оралуға тырысамын». Жалғас Жұмағұлов – алдағы жоспары туралы

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Legalbet.kz-ке сілтеме жасап.

«Жаттығу жасап, дайындалып жүрмін. Менде LFA туралы ешқандай ұсыныс болған жоқ. Олар сыйақыны көп төлемейді. Мұндай лига... Шынымды айтсам, не дерімді білмеймін. Ол туралы сөз болған жоқ. Келесі жекпе-жегім белгілі, соған дайындалып жатырмын.

Кез келген жағдайда UFC-ге қайта оралуға тырысамын. Жекпе-жек 2 желтоқсанда өтеді, қарсылас өте мықты, сондықтан жақсы дайындалу қажет. LFA-дан UFC-ге де өтуге болатынын естідім», - деді Жұмағұлов Legalbet.kz тілшісіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;