русский язык
Басқа

Азиаде-2022 жүлдегерлері қанша сыйақы алады

Азиаде-2022 жүлдегерлері қанша сыйақы алады

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ханчжоуда Қазақстан 80 медаль жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс және 48 қола.

Азия ойындарының чемпионы — 10 000 доллар
Күміс жүлдегер — 5000 доллар
Қола — 3000 доллар

Жаттықтырушылар сәйкесінше $5,000, $3,000 және $2,000 алады.

Командалық эстафета мен командалық жарыстағы медаль үшін әрбір спортшы сыйақы алады. Мысалы, қола жүлдегер атанған су добы командасының 13 мүшесі әрқайсысы 3000 доллар алады. Спортшыларға жалпы 606 000 доллар сыйақы төленеді, бұл шамамен 288 миллион теңге.

Айта кетейік, Азия ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы есепте 11-орынға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;