русский язык
Басқа

Азия ойындарында медаль алған қазақстандық спортшыларға қандай сыйақы төленеді

Азия ойындарында медаль алған қазақстандық спортшыларға қандай сыйақы төленеді

Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары біткеннен кейін Қазақстан құрамасы 80 медальмен 11-орынға тұрақтады. Азиада чемпиондары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытайда өткен Азиада нәтижесінде Қазақстан 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль иеленді. № 1345 үкімет қаулысында Азиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері көрсетілген.

Оған сәйкес:
- алтын медаль алғандарға 10 000 доллар;
- күміс медаль алғандарға 5000 доллар;
- қола медаль алғандарға 3000 доллар беріледі.

Сонымен қатар чемпиондар мен жүлдегерлердің жаттықтырушыларына да тиісінше 5000, 3000 және 2000 доллар сыйақы төленеді.

Егер медальді спорттың командалық түрінен алса, онда сыйақы әрбір спортшыға жеке төленеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;