русский язык
Басқа

Азия ойындары: Қазақстандық каратэші күміс жүлдені місе тұтты

Азия ойындары: Қазақстандық каратэші күміс жүлдені місе тұтты

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде қазақстандық Қытай Тайпейінің өкілі Шиу Шуангпен кездесті. Шешуші тартыстың нәтижесі қарсылас пайдасына аяқталды.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы соңғы медалі, оның қоржынында 80 медаль бар, оның ішінде 10 алтын, 22 күміс және 48 қола.

Осылайша Қазақстан Азия ойындарының медальдық есептегі 10 үздік қатарына кіре алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;