русский язык
Басқа

Қазақстан Азия ойындарында тағы бір қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан Азия ойындарында тағы бір қола жүлде жеңіп алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін қазақстандық синхронды жүзушілер Наргиза Болатова, Әйгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы және Этери Какутия Азия ойындарында топтық жаттығуларда еркін бағдарлама орындады.

Өз өнерінің нәтижесі бойынша қазақстандықтар 234,5543 ұпай жинап, үшінші орынға (663,7417) жайғасты. Қытайлықтар жеңді (868,9676), жапондықтар екінші (831,2535) орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;