русский язык

Рохус Шох: Алматыда QJ League тағы да лық толы трибуналарды жинады

Рохус Шох: Алматыда QJ League тағы да лық толы трибуналарды жинады

ҚФФ вице-президенті және Freedom QJ League президенті Рохус Шох Лиганың осы маусымдағы соңғы матчдэй мерекесін қорытындылады.

– Алматыда керемет матч өтті – ойын алдындағы бағдарлама, лық толы трибуналар және тамаша ойынды көрдік. Менің ойымша, «Жас Қыран» мен «Тараз» арасындағы матч қызу өтті және көптеген ойындарға үлгі бола алады. QJ League матчдэй мерекесі тағы да толық трибуналарды жинады, бұл жолы шағын стадионда өткеніне қарамастан. Лига ойындарына көптеген жастар келетінін ерекше атап өткім келеді, соның ішінде барлық қалаларда ойындарға көп қыз балалар да келеді. Бұл жоба жас футболшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар жанкүйерлердің жаңа буынын тәрбиелейді, бұл өте маңызды. Осы маусымда QJ League командасы елордада ашылу матчымен басталып, Алматыда эко-ивентпен аяқталатын Қазақстанның түрлі қалаларында 6 фестиваль өткізді және біздің әрбір мерекемізде осы іс-шараларды лайықты бағалаған өте жас көрермендер көп болды.

Freedom Holding Corp. компаниясы толығымен қолдайтын және қаржыландыратын Қазақстан Футбол Федерациясының ауқымды ұлттық жүйелік жобасы бола отырып, QJ League бірінші маусымнан бастап – Қазақстанда футболдың дамуына ықпал жаса отырып, өзінің басты міндетін шешеді деп сенімді түрде айтуға болады. Өздеріңіз білетіндей, жасөспірімдер футболы ҚФФ қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады, ал федерация президенті Әділет Барменқұлов Лигаға көп көңіл бөледі және үнемі жұмысын қадағалап отырады. Алматыда өткен ойыннан кейін Әділет Назарбайұлы екеуміз оның нәтижелерін бірден талқыладық. Бұл жолы, өкінішке орай, Лиганың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов жұмысы көп болғандықтан стадионға келе алмады, бірақ ойыннан кейін ол да іс-шара қалай өткеніне қызығушылық танытты, жалпы ол барлық шараларды мұқият қадағалайды және жобаның өміріне белсенді қатысады.

Алматыдағы матчпен біздің команданың осы маусымдағы қызықты іс-шаралармен жұмысы аяқталмайды – алда тағы екі тур бар, онда біз жүлдегерлерді анықтаймыз, ал онда интрига, мен сізге айтамын, соңына дейін сақталады. Кестенің төменгі жағында да 4-5 команда әр кездесуде ұпай жинау үшін таласуда, ешкім де чемпионатты соңғы орынмен аяқтағысы келмейді. Бұл жүлделер үшін таластан да маңыздырақ шығар! Жүлделі орын алу мүмкіндігін әлдеқашан жоғалтқан командалар қолдарын төмен түсірмеді, сондықтан спорттық бәсекелестік маусымның соңғы минуттарына дейін жоғары деңгейде болады. Өз басым, ол мен үшін алғашқы үштіктегі интригадан да қызықтырақ болып тұр. Ал айдың соңында біз дебюттік маусымды қорытындылаймыз. Алматыда үлкен және қызықты жабылу рәсімін жоспарлап отырмыз, бірақ бұл туралы сәл кейінірек толық айтып береміз, - деді Рохус Шох.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;