русский язык
Хоккей

«Барыстың» бас бапкері қатарынан бес жеңілістен кейін қызметінен кетті

«Барыстың» бас бапкері қатарынан бес жеңілістен кейін қызметінен кетті

Беларусь маманы Андрей Скабелка астаналық «Барыс» ХК бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Андрей Скабелка «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті. Беларусь маманы «Барысты» 2018 жылдан 2020 жылға дейін, команда Гагарин кубогының плей-оффтың екінші кезеңіне екі рет шыққанда, сондай-ақ 2022/23 маусымында жаттықтырды. «Барыс» Андрей Владимировичке клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы карьерасында сәттілік тілейді!

Бас бапкердің міндетін атқарушы болып 2009 жылдан бері клубтық жүйеде жұмыс істеп келе жатқан Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды.

«Барыс» жүйесіндегі командалардың бапкерлер штабындағы өзгерістер туралы ақпарат кейінірек жарияланады», - делінген «Барыс» клубының ресми хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Скабелканың тізгінімен елордалықтар соңғы кездесуін «Витязьге» қарсы өткізіп, 3:2 есебімен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;