«Астана» - «Виктория Пльзен»: негізгі құрам
![«Астана» - «Виктория Пльзен»: негізгі құрам](https://prosports.kz/upload/news/content//202310/201131_b7209b7763138aca10a13d26b3ca9c48.jpg?v=28706294)
Бейсенбі, 5 қазанда «Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіндегі екінші кездесуін өткізеді, қарсы - чехиялық «Виктория» (Пльзен), деп хабарлайды Prosports.kz.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202310/201131_2abb8cba9350a2164aea43738cce3cf2.jpg)
«Астана» — «Виктория» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:30-да басталады, ойынды «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, Конференция лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында «Астана» Загребте «Динамодан» 1:5 есебімен жеңілген болатын. Ал «Виктория» косоволық «Балканиді» 1:0 есебімен ұтты.