русский язык
ММА

Қазақстандық файтер ACA 164 турнирінде ресейліктен жеңіліп қалды

Қазақстандық файтер ACA 164 турнирінде ресейліктен жеңіліп қалды

Қазақстандық файтер Михаил Дорошенко Грозныйда өткен AСA 164 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы ресейлік Хусейн Халиев болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бірауыздан қабылданған шешіммен ресейлік файтерлің жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Халиев алдыңғы жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсан айында ACA 150 аясында Винисиус Крузға қарсы өткізген болатын. Бұл жекпе-жекте Хусейн екіге бөлінген шешіммен жеңіске жеткен. Оның қоржынында 25 жеңіс және төрт жеңіліс бар.

2023 жылы маусым айында өткен ACA 159 турнирінде Дорошенко бірінші раундта Элиас Сильвериодан жеңіліп қалды, оның еншісінде тоғыз жеңіс бес жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;