русский язык
Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыратлет Азиада медалін еншіледі

Қазақстандық ауыратлет Азиада медалін еншіледі

Қазақстандық ауыратлет Александр Уваров 81 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл салмақта алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ри Джонг-сон иеленді, ол 364 келіні еңсерді. Ал күміс жүлде өзбекстандық Мухаммадкодир Тоштемировке бұйырды - 351 келі. Александр Уваров екі жаттығу қорытындысы бойынша 348 келіні көтерді.

Айта кетейік, бұл жарыста тағы бір қазақстандық Еламан Сейтқазы 343 келімен төртінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;