русский язык
Басқа

Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық садақшылар жүлдеге қол жеткізе алмады

Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық садақшылар жүлдеге қол жеткізе алмады

Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілдері Ханчжоудағы Азия ойындарының аралас командалық жарысында үшінші орын үшін матчта сынға түсті, деп жазады Prosports.kz.

Құрамында Адель Жексембинова мен Андрей Тютюн бар Қазақстан құрамасы Қытайлық Тайбэйден келген қарсыластармен қола жүлдені сарапқа салды. Кездесудің нәтижесі 157:154 есебімен Тайвань спортшыларының жеңісі болды. Осылайша отандық садақшылар жүлдесіз қалды.

Бұған дейін Жексембинова мен Тютюн ширек финалда Тайландты (154:152) ұтса, жартылай финалда Үндістаннан (154:159) ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;