русский язык
Басқа

Тимофей мен Сергей Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Тимофей мен Сергей Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Тимофей мен Сергей Емельяновтар Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағайынды Тимофей мен Сергей Емельянов каноэ есуден 1 мың метр қашықтықта 3:49.991 нәтижесімен мәреге екінші болып жетті. Жеңіске өзбекстандық (3:43.796) спортшылар жетті. Үздік үштікті үндістандық спортшылар түйіндеді.

Қазақстан үшін бұл медаль Азия ойындарындағы 41-жүлде болды: төрт алтын, сегіз күміс және 29 қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;