русский язык

Футболдан бірінші лигаға түсіп қалған екі команда анықталды

Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-турында бірінші лигаға түсіп қалған екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының «Мақтаралы» сырт алаңда «Атыраудан» 0:2 есебімен жеңілді.

Осылайша олар алты ойынға созылған сәттілік сериясын тоқтатты. Түркістан облысының командасы алты ойынның төртеуінде жеңіске жетсе, екеуінде тең түскен еді.

Енді олар қалған үш кездесуде өз алаңында «Тобыл», «Қызылжар», сырт алаңда «Оқжетпес» клубтарымен кездеседі.

Ал Ақтаудың «Каспий» клубы өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. Кездесу барысында 1:1 есебі тіркелді. Соған қарамастан ақтаулық клуб Премьер-лигамен қош айтысты.

Сондай-ақ Павлодар облысының «Ақсуы» да алдағы жылы бірінші лигада бақ сынайды. Бұл клуб бүгін өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 2:0 есебімен сүріндірді. Аталған жеңісіне қарамастан олар бірінші лигаға түсіп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;