русский язык
Басқа

Байдарка және каноэ есуден ҚР құрамасы Азиаданың «алтынына» таласады

Байдарка және каноэ есуден ҚР құрамасы Азиаданың «алтынына» таласады

Қытайдағы Азия ойындарында байдарка және каноэ есуден Қазақстан құрамасының мүшелері финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 200 метр қашықтыққа каноэде есуден Мария Бровкова 52.530 уақытпен іріктеу кезеңінде 1-орын алып, финалға шықты.

500 метр қашықтыққа байдаркада есуден Анастасия Березовская 2:06.783 уақытпен 2-орынға тұрақтап, ақтық кезеңге өтті.

байдаркада есуФото: olympic.kz

500 метр қашықтыққа байдаркада есуден ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы (Игорь Ряшенцев, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий, Бекарыс Раматулла) 1:28.922 уақытпен үшінші болып келіп, сондай-ақ финалға жолдама алды.

Финал 3 қазан күні өтеді.

байдаркада есуФото: olympic.kz

Сондай-ақ қазақстандық Бекәділ Шәймерденов спорттың құраш түрінен тәжік атлеті Навруз Каримзоданы жеңіп, ширек финалға шықты.

Шәймерденовке қарсыласын жеңуге бір минуттан аз уақыт қажет болды. Тәжік спортшысы бұдан әрі қарсылық көрсете алмады.

81 келі салмақ санатындағы ¼ финалда қазақстандық спортшы Таиланд өкілімен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;