русский язык
Бокс

Азия ойындары: Медальсыз өткен бір күннен кейін Қазақстан қоржынға қола медаль салды

Азия ойындары: Медальсыз өткен бір күннен кейін Қазақстан  қоржынға қола медаль салды

Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандық атқыштар командалық жарыста үшінші орын алды («трап»).

Қазақстан құрамасының намысын Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина қорғады.

Бірінші орында Қытай қалды. Үндістан күміс жүлдені еншіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;