русский язык
Бокс

«Альварес – Чарло» бокс кешінде екі қазақстандық рингке шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Бек Нұрмаханбет (10-0, 8КО) пен Әбілхан Аманқұл (4-0, 4КО) Лас-Вегаста (АҚШ) Сауль «Канело» Альварес - Джермелл Чарло жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Б.Нұрмағанбет жеңіліп көрмеген нигериялық Абимбол Осундаиромен (5-0, 3КО) жұдырықтасады. Суперорта салмақтағы айқас 6 раундқа есептелген. Ал Ә.Аманқұл америкалық Джошон Джеймспен (7-0-1, 4 КО) жұдырықтасады. Орта салмақтағы бұл жекпе-жек те 6 раундқа жоспарланған. Кездесулер астана уақытымен 1 қазан, сағат 03.00-де басталады.

Кazproboxing мәліметіне сүйенсек, кеше қазақстандық қос боксшы жекпе-жектері алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыластарымен көз арбасты.

Б.Нұрмағанбет бұған дейінгі айқасын мамыр айында өткізген еді. Ол екінші раундта мексикалық боксшы Архенис Эспаньюді (15-2, 14 КО) нокаутқа жіберді. Ә.Аманқұл да шаршы алаңға мамыр айында шығып, мексикалық файтер Фабиан Фраустоны (7-8-3, 4 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Лас-Вегастағы кештің хедлайнерлері – өз салмақ санатындағы көшбасшылар Сауль Альварес (59-2-2, 39 КО)пен Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО). Кездесу суперорта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;