Азия ойындары: Қазақстан құрамасы көшбасшысының жекпе-жегі сенсациямен аяқталды
![Азия ойындары: Қазақстан құрамасы көшбасшысының жекпе-жегі сенсациямен аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/472_39c48c3bd5b9bec79ee2bc2efa0f967d.jpg?v=28661190)
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Махмұд Сабырхан Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финал кезеңінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Солтүстік Корея боксшысы О Таебпен қолғап түйістірді. Үш раудқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, 1/16 финалда Сабырхан оңтүстіккореялық И Чань Лимен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.
Кешкі сессияда Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) жұдырықтасады.