русский язык
ММА

Шон О'Мэлли Ислам Махачевті нокаутқа түсіретін файтерді атады

Шон О'Мэлли Ислам Махачевті нокаутқа түсіретін файтерді атады

Америкалық файтер, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Шон О'Мэлли америкалық Джастин Гэтжи жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачевті нокаутқа түсіретінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер Гэтжи Исламды нокаутқа түсірсе, мен таң қалмас едім», - деді О'Мэлли MMA Bouts-ке берген сұхбатында.

21 қазанда Ислам Махачев бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы жекпе-жекте UFC чемпионы атағын қорғайды.

Ислам Махачев ММА-да 25 жекпе-жек өткізіп, 24 жеңіске жеткен. Джастин Гэтжи 29 жекпе-жек өткізіп 25 жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;