Александр Усик пен Тайсон Фьюри жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырды
![Александр Усик пен Тайсон Фьюри жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201736_b99c01a7b2b9f841712b27803480e500.jpg?v=28673899)
Украиналық боксшы Александр Усик пен британдық Тайсон Фьюри ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің айтуынша, титулдық жекпе-жек Сауд Арабиясында 2023 жылдың 23 желтоқсанында немесе 2024 жылдың қаңтарында өтеді.
Александр Усик кәсіпқой бокста 21 жекпе-жек өткізіп, 21 жеңіске жеткен. Тайсон Фьюри 34 жекпе-жекте 33 жеңіске жетті (1 тең нәтиже).