русский язык
Басқа

Азиада-2022: семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы күміс медаль иеленді

Азиада-2022: семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы күміс медаль иеленді

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда отандық спортшылар Жапония құрамасымен кездесіп, 36-35 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, семсерлесуден Жапония ерлер құрамасы қазіргі әлем чемпионы.

Бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер Моңғолия мен Вьетнамнан басым түсіп, жартылай финалда Гонконг құрамасын жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;