русский язык
Велоспорт

Азия ойындары: Қазақстандық шабандоздар велоспорттан алғашқы медаль иеленді

Азия ойындары: Қазақстандық шабандоздар велоспорттан алғашқы медаль иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық велошабандоздар Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында мэдисонда 3-орын алып, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста қазақстандықтар 37 ұпай жинады. Бірінші орынды 54 ұпай жинаған жапониялықтар алды, дәл осындай нәтижемен Оңтүстік Корея велошабандоздары екінші орынға табан тіреді.

Ерлер арасындағы кейрин сайысында қазақстандық Андрей Чугай алтыншы орын алды.

Әйелдер арасындағы омниумда қазақстандық Ақпейіл Оссим 83 ұпаймен 8-орын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;