русский язык
Басқа

Азия ойындары: су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді

Азия ойындары: су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші кездесуінде Таиландтан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел құрамасы төртінші кездесуінде Таиландты 13:8 есебімен жеңді.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяны 24:4, Сингапурды 12:6 есебімен тізе бүктіріп, Қытайға 8:17 есебімен есе жіберді.

Үш турдан кейін олар 6 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Жапонияның - 8, Қытайдың - 6 ұпайы бар.

Енді ел құрамасы 30-қыркүйекте Жапония, 1- қазанда Өзбекстанмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;