Аян Бейсенбаев – Азия ойындарының қола жүлдегері
![Аян Бейсенбаев – Азия ойындарының қола жүлдегері](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201131_964971006650ad2bfd8af0b0da5f9eba.jpg?v=28709289)
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді.
Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты – 1:52:25.
Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға (1:51:49) бұйырды.