Astana Open: Доминик Тимнің автограф-сессиясында ұзын-сонар кезек пайда болды
![Astana Open: Доминик Тимнің автограф-сессиясында ұзын-сонар кезек пайда болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201131_e97c4bbec2dd97f58d4fd2162ba22294.jpg?v=28666478)
Astana Open ATP 250 турнирінде US Open 2020 чемпионы, әлемнің экс-үшінші ракеткасы, Аустрия өкілі Доминик Тимнің автограф-сессияcы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бұған жанкүйерлер көптеп жиналды, сондықтан ұзын-сонар кезек пайда болды.
Доминик Тим қазіргі уақытта ATP рейтингінде 81-орында тұр. Аустриялық теннисші бүгін, 28 қыркүйекте бірінші айналымда Перу елінің өкілі Хуан-Пабло Варильяспен ойнайды.
Астанадағы турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 017 850 доллар. Оның қазіргі чемпионы – әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович.
Айта кетейік, былтыр Бейжіңдегі турнирдің тоқтатылуына байланысты бұл бәсеке Астанада ATP 500 сериясында өтті.