русский язык
Басқа

Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті

Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті

Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің құрама (Мұхамедәлі Рахманәлі, Саттархан Назарбай, Артем Саргсян және Жанат Нәбиев) жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 45:41 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орын алды.

Айта кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;