русский язык
ММА

UFC үздік файтерлердің рейтингін 20-ға дейін кеңейтуі мүмкін

UFC үздік файтерлердің рейтингін 20-ға дейін кеңейтуі мүмкін

UFC президенті Дана Уайт промоушн ең үздік спортшылардың рейтингін 15-тен 20-ға дейін кеңейту қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жартылай орта салмақ – жақсы үлгі. Біз жігіттер үшін жекпе-жек дайындаймыз және 15 үздік спортшылардың барлығына жоспарланған. Сондықтан біз рейтингті 20 файтерге дейін кеңейтуді ойлап жатырмыз», - деді Уайт баспасөз мәслихатында.

Алдағы турнирлерде жартылай орта салмақта Леон Эдвардс Колби Ковингтонға қарсы чемпиондық атағын қорғайды, Шавкат Рахмонов (№6) Стивен Томпсонмен (№7), Висенте Луке (№10) Ян Гарримен жұдырықтасады. (№ 11).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;