Қазақстандық боксшы Азия ойындарындағы өнерін сәтті бастады
![Қазақстандық боксшы Азия ойындарындағы өнерін сәтті бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/472_7bfc6055773ce86f1d5815222e1efbb3.jpg?v=28668003)
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарындағы өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде 92 келі салмақта Моңғолия өкілі Бариахаан Доржпен кездесті. Алғашқы екі раундта Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақытымен 18:30-да тағы бір қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында 63,5 келі салмақта екінші жекпе-жегін өткізеді.